«Дельта» Уханьдағы вирустан 2 есе жұқпалы - ДДСҰ
«Дельта» Уханьдағы вирустан 2 есе жұқпалы - ДДСҰ
168
оқылды
Коронавирустың "дельта" штамы алғашқы SARS-CoV-2 нұсқасына қарағанда екі есе жұқпалы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан хабарлады. Оның айтуынша, қазір коронавирустың бұл нұсқасы әлемнің 85-тен астам елінде бар, бұл оның таралу жылдамдығын көрсетеді.
"Дельта" басқа штамдарды басып озды, бұл әлемдегі басым штамға айналуы мүмкін", — деді Сваминатан.
ДДСҰ өкілі “дельта” штамы бар бір адам екі емес, төрт, алты немесе тіпті сегіз тұрғынға жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті. Сарапшы қазіргі кезде отбасының барлық мүшелері коронавируспен ауыратын жағдайлар жиілеп кеткеніне назар аударды. "Дельтаға" қарсы вакциналардың тиімділігі туралы айта келе, Сваминатан олардың кем дегенде аурудың ауыр ағымына қарсы тиімді болатынын мәлімдеді.