Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) жекпе-жек қарсаңында америкалық Роб Брантпен (26-2, 18КО) бетпе-бет кездесті.
Жекпе-жек 27 маусым, таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Кештің басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10КО) мен жапон боксшысы Масаёси Накатани (19-1, 13КО) арасындағы айқас болмақ.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6ко) екінші раундта нокаутқа жіберген еді. Ал Роб Брант 2020 жылдың тамызында рингке шығып, украиналық боксшы Виталий Копыленконы (28-3, 16КО) бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.