Қазақстандық файтер Шавкот Рахмонов бүгін түнде UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді.
26 жастағы Рахмонов (13-0) үшін алдағы жекпе-жек - америкалық промоушен туы астындағы екінші кездесу. Шавкат Лас-Вегаста бразилиялық Мишель Празериспен (26-3) кездеседі.
[caption id="attachment_147193" align="alignnone" width="782"] Фото: news.myseldon.com[/caption]
Рахмонов пен Празерис UFC FN 190 турнирінің ерте кардында бесінші болып октагонға шығады. Бұл жекпе-жек 26 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30 да басталады.
Шавкат Рахмонов UFC дебютін былтыр қазан айында Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінде бірінші айналымда бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген еді.