Бүгін батыс пен оңтүстікте күн қатты ысиды.
Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан оңтүстік пен батыста өрт қаупі сақталып отыр. Сондай-ақ, Қостанай аймағында ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды. Бірақ Жамбыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.