Батыс Қазақстанда 805 дана киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Батыс Қазақстанда 805 дана киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиға Бөкей ордасы ауданында болғанын айтты. Жедел іздестіру нәтижесінде, Сайқын-Бисен жолының 26-шақырымында 1994 жылғы екі және 1982 жылғы ер адам қолға түсті.

  [caption id="attachment_127572" align="aligncenter" width="800"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption] Олар отырған «ВАЗ-21214» автокөлігінен 8 қапшыққа салынған 805 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   [caption id="attachment_127570" align="aligncenter" width="800"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption]  width= Браконьерлердің сыбайластары, мүйізді өткізетін орындары анықталып жатыр.

«Мүйіздердің құны шамамен 2 млрд. теңге болады. Бұл соңғы жылдары браконьерлерден тәркіленген ең ірі партия болып есептеледі. Былтыр киік саудасы бойынша 61 дерек тіркеліп, соның 30-ы сотқа дейін жетті. Биыл 17 деректің 8-і сотқа жолданды. Қалған деректер бойынша тергеу амалдары жалғасуда», – деді Белгібеков.