Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана құдығына құлап кетті
Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана құдығына құлап кетті
Алматыда екі бала мен олардың әжесі дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Inform.kz. Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағына Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Абай ауылындағы көше дәретханасының қазылған шұңқырына екі баланың құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамы 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты.
«Шұңқырға бірінші 2020 жылы туған қыз құлап кеткендігі белгілі болды. 2009 жылы туған үлкен ағасы, көмектесуге әрекеттеніп, қарындасын өз бетінше тартып алуға тырысқан. Артынша балалардың әжесі мен әкесі оларды құтқармақ болған. Өкінішке орай, тек әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырған», – деп хабарлады ведомствадан.
РЖҚЖ құтқарушылары балаларды және әжесін шығарды, алайда аман алып қалу мүмкін болмады.