Бас мүфти коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты
Бас мүфти коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты
165
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық QazVac екпесінің бірінші компонентін алды.

Наурызбай қажы шариғатта вакцина салуға тыйым салынбағанын атап өтіп, бүкіл халықты иммундау кампаниясына қатысуға шақырды. Оның айтуынша, коронавирусты тек екпе салғызу арқылы жеңіп, бұрынғы өмір сүру қалпына оралуға болады.

– «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Жалпы, ислам шариғатында зәру жағдайда екпе салдыруға рұқсат етеді. Алла Тағала қасиетті Құранда айтады, «өз қолдарыңызбен өз денсаулықтарыңызға қиянат жасамаңдар» дейді. Пайғамбарымыздың хадисі бар: «Әрбір дертті Алла Тағала оның шипасымен қоса жаратқан» дейді. Сондықтан әлемде болып жатқан індеттің алдын алу үшін денсаулық сақтау мамандары екпе жасату керек деп жатыр. Мінеки, өзіміздің амандығымыз үшін, елдің амандығы үшін, Алланың қалауымен, екпе қабылдадым, – дейді Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы.