Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі парамен ұсталды. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«2021 жылдың 1 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік департаменті Атырау облысы бойынша департаментпен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды», - деді баспасөз қызметі. Күдікті Атырау Полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.