Қалпына келтіру және аумағын қала меншігіне қайтару – алматылық көрнекті орынды құтқарып қалды.
Қайта түлеген «Атакент» қалалықтар мен шаһар қонақтарының серуендейтін сүйікті орнына айналды. Енді мұнда парк аймағының аялы саясында тынығып, түсі күн сәулесімен сан құбылған субұрқақтарды сүйсіне тамашалап, бүкіл күнді ләззаттана өткізуге болады. Осынау бірегей орынның әсем бейнесіне селкеу түсірген, ұшы-қиыры жоқтай көрінетін контейнерлер, сөрелер және дүңгіршектер күресінге жіберіліп, орнында жайлы сауда орталықтары бой көтерді. Айтпақшы, бұл шағын және орта бизнестің дамуына соны серпін берді. Бұл жерде жұмыс істеу де, демалу да – әркімге арман. Ең бастысы, қалалықтардың байламынша, бейберекет автотұрақтар проблемасы шешімін тапты, деп жазады Aiqyn.kz. [caption id="attachment_148637" align="alignnone" > ©Павел Михеев[/caption]Кеңес заманында «ВДНХ» аумағында Қазақстан экономикасының барлық саласындағы жетістіктері көрініс табатын. Ол жерде әртүрлі тақырыптық көрмелерді аралап, жанға жағымды қыдырыс жасауға болатын. Алайда 90-шы жылдары атауы « ©lamstore.ru[/caption] «Бұл «Атакенттің» аумағы заманында жасыл шұрат-оазис болатын, бұл жерге қалалықтар отбасыларымен қыдыруға келетін. Сондай-ақ мұнда сатылы-каскадты субұрқақтар болушы еді, ал қазір оның бәрі қарадүрсін асфальттың астында қалыпты. Айналасы толған автотұрақ, базар. Басқарушы компания алматылықтарға осы аумақты дамыту жөнінде кең ауқымды жоспарларын ұсынған болатын. Алайда соңғы жылдары оның ештеңесі де орындалмағанын көріп отырмыз», – деді «Атакент» аумағын аралау кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек. Сол жұмыс сапарының басты қорытындысы – «Атакенттің» жерлерін қала меншігіне қайтарып алу туралы шешім еді. «Басқарушы компанияның аумақты дамыту бойынша өз мойнына алған міндеттемелерін орындамауына байланысты мегаполис басшысы тиісті басқармаларға заңнамаға сәйкес жалға беру келісімшартын бұзу және қоғамдық кеңістік жерлерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару мәселесін пысықтау туралы тапсырма берді», – деп түсіндірді бұл шешімді әкімдіктегілер. [caption id="attachment_148640" align="alignnone" > © Тимур Батыршин[/caption] Осылайша, 2018 жылғы мамырда жер телімдерінің бір бөлігі коммуналдық меншікке өтті. Бұл көрме кешенінің ажарын айшықты ету жолындағы алғашқы қадам болатын. Жаңғырту жұмыстары бастау алды. Бірінші кезекте реновация көрме павильондарын қамтыды. Олар модернизациялаудан өтті, қасбеттері жаңа сипатқа ие болды, ескірген коммуналдық желілер ауыстырылды. Іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағын түрленту бойынша да үлкен жұмыс атқарылды. Балалардың ойын алаңдары, спорт клубтар, велосипед жолдары пайда болып, қалалықтарды қуанышқа бөледі. Жалға алушылар көшедегі темір контейнерлерден Atakent Mall заманауи сауда орталығындағы жарық әрі жайлы бутиктерге көшті. Бұл жерде өз ісін дөңгеленту – көптеген алматылық бизнесменнің аңсарлы арманы. «Әкімдіктің және тікелей қала басшысының табандылығы мен батылдығы арқасында басталған реконструкция шағын және орта бизнестің дамуына қуатты серпін берді. Біріншіден, бизнес үшін бұл нысан қаланың қақ ортасында, ыңғайлы жерде орналасқан. Екіншіден, жаңарған «Атакент» қайтадан алматылықтар мен қала қонақтарының серуендейтін сүйікті орнына айналды. Осының арқасында біздің алдымыз үнемі клиенттен арылмайды», – дейді кәсіпкер Айдын Мурзанов. [caption id="attachment_148641" align="alignnone" > ©Павел Михеев[/caption] Жаңғырту жұмыстары басталған мезеттен бері бірнеше жыл өткенде «Атакент» аумағы жасыл желекке көміле түсті. Қала билігінің тапсырмасына сай, оның аумағында асфальт жабынғысы мейлінше азайтылды. Оның орнына гүлзарлар мен жаңа көшеттер отырғызылды. Қалалықтар кіреберістегі бейберекет автотұрақтарға тыйым салуына да, сондай-ақ көрме кешені аумағына машиналардың өңмеңдеп кіруіне шектеу қойылғанына да қатты қуанды. «Мен жақын маңда тұрамын, «Атакент» қораш базар мен сұрықсыз автотұрақтан қайтадан «жерұйыққа» айналғанына шаттанамын. Жасыл желек те көбейе түсті, балалармен серуендеу де енді қауіпсіз. Өйткені ішіне автомобильдердің енуіне тосқауыл қойылды. Бұл - үлкен жетістік. Қаланың бұрынғы басшысы жасап кеткен осы жұмыс лайықты бағаланса екен деймін. Қайта орнаған осы әсем көріністі сақтап қалуға тиіспіз», – деді алматылық Әсел Қамназарова. Айтқандай, 2018 жылы бірегей, сатылы субұрқақтардың орнында тұрғызылған дәмхананың сүрілуі де жұртшылықтың көңілінен шықты. Оның үстіне ол басқа фонтандарға көріністі жауып тастаған болатын. Сәулетті бұзған дәмхана орнына 400 ағаш егілді және көгал жайылды. Көрме кешенін реконструкциялаудың әрбір кезеңі қалалықтардың оң эмоциясын тудырды. Бүгінде ажары кірген «Атакент» тек қалалықтардың ғана емес, шаһар қонақтарының да жаны жай таба тынығатын сүйікті орнына айналды. Ол қала экономикасының өрлеуіне өзіндік үлесін қосып келеді.
Ерік ЕРДЕНОВ.