Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны. Ол 2014 жылғы әскерилер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін және 2017 мен 2019 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасы 29 жасар қызылордалық спортшы үшін алғашқы Олимпиадасы болмақ. «Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында туды ұстап шығуды маған сеніп тапсырғаны үшін баршаға алғыс айтамын. Бұл мен үшін жауапкершілік және жоғары мәртебе. Біздің құрамадағы көптеген спортшылардікі сияқты Токио Олимпиадасы менің спорт мансабымдағы алғашқы Олимпиада болмақ. Біз бұл Олимпиаданы өте ұзақ күттік және оның өтетініне өте қуаныштымыз. Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік жасағаны үшін біз Президентімізге, мемлекетемізге және де Ұлттық Олимпиадалық комитетіне зор алғыс білдіреміз. Ендігі кезек бізде!» – деді Қамшыбек Қоңқабаев.«Олимпиада ойындарында Қазақстанға тиесілі он алты алтынның үшеуін әйелдер жеңіп алды. Жылдан-жылға спорттағы әйелдер саны артып, олар жаңа рекордтар орнатады деп сенемін. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің Туы сеніп тапсырылғаны ерекше әсер етті. Дәл осы миссияның маған ұсынылғанына және сеніп тапсырылғанына қуаныштымын», – дейді Ольга Рыпакова.