Антарктидада жаңа температуралық рекорд тіркелді
Антарктидада жаңа температуралық рекорд тіркелді
170
оқылды
БҰҰ Антарктидада 18,3°С жаңа температуралық рекордты тіркеді. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы (БМҰ) хабарлайды. Бұған дейін рекордтық температура 2020 жылдың 6 ақпанында Антарктикалық түбегінде Esperanza аргентиналық зерттеу станциясында анықталған еді. Ал, мұның алдында антарктикалық континеттегі рекорд +17,5°С болған. Ол да Esperanza станциясында 2015 жылы анықталды.
«Максималды температураны тексеріп отыру маңызды, бұл Жердің ең соңғы шекараларының біріндегі ауа райы мен климатты бақылап отыруға мүмкіндік береді», – деді БМҰ-ның бас хатшысы Петтери Таалас.
Оның айтуынша, антарктикалық түбек – ғаламшардың ең тез жылып келе жатқан өңірі. Соңғы 50 жылда 3°C жылыған.