Жамбылда 200 000-шы тұрғын коронавирус індетіне қарсы вакцина алды. Ол — 83 жастағы Орынша Елшібаева.
Әжей екпені балаларының барлығына салғызып барып, өзі де қабылдап отыр. Жанұясында емізулі баласы бар келіні ғана екпе ектірмеген."Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргінге не жетсін. Сондықтан барлық қазақстандықты вакцина салдыруға шақырамын", — дейді Орынша әжей.
Саятхан САТЫЛҒАН Жамбыл облысы