Кентауда электр желісінің 12 млн теңге тұратын бөлшектерін ұрлағандар ұсталды
Кентауда электр желісінің 12 млн теңге тұратын бөлшектерін ұрлағандар ұсталды
260
оқылды
Кентау қаласының полицейлері 12 миллион теңге тұратын электр бағаны жабдықтарын ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кентау қалалық полиция басқармасына жарықпен қамтамасыз ететін мекемелердің бірі белгісіз біреулердің жол бойында орналасқан электр бағаны жабдықтарын жымқырып жүргеніне шағымданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгені құрады. Аталған жайтты кентаулық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, жедел уәкілдер тобы оқиға болған жерге бет алды. Тәртіп сақшылары 10 күн бойы қылмыскерлерді анықтау мақсатында түрлі іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер күдікті деп танылған екі ер адамның ізіне түсіп, оларды полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, күдіктілердің біреуі Шымкент қаласының, екіншісі Түркістан қаласының тұрғыны. Сонымен қатар кентаулық полицейлер күдіктілердің жымқырған электр бөлшектерін жарты бағасына сатып жібергенін анықтады. Бүгінде күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындады. Екеуі де сотты болғаны анықталды.