Алматы облысында полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті қолға түсті
Алматы облысында полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті қолға түсті

Жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды.

Департамент мәліметінше, 2 шілде күні Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны қолға түсті.
"Тергеу барысында күдіктінің көлігі тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген хабарламада.
Еске салсақ, 26 маусым күні белгісіз біреулер Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбековтің көлігіне оқ атты.