"Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

"Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

Елордада өткен «Қазақстан барысы» Х республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды.

Жартылай финалда Жамбыл облысының намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай турнирдің 2017 жылғы жеңімпазы Еламан Ерғалиевті «таза жеңіспен» қапы қалдырды. Ал, маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен белдескен шығысқазақстандық Дәурен Нұралинов қарсыласынан бүк ұпаймен басым түсті. Шешуші айқаста Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысы) мен Дәурен Нұралинов (Шығыс Қазақстан облысы) кездесті. Негізгі уақытты қарсыластар бір-бір бүк ұпаймен аяқтаған болатын. «Белдесу» сәтінде Дәурен Нұралинов жамбылдық балуанды «таза жеңіспен» ұтып кетті. Осылайша оныншы рет өткен турнирдің тарихына жаңа чемпионның аты жазылды. Естеріңізге салсақ, биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналады. Сайыстың бірінші орын иегеріне  - 25 млн. теңге, бапкеріне - 3 млн. 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне - 5 млн. 500 мың теңге, бапкеріне - 1 млн.  800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 млн. 800 мың теңге беріледі.