Жеңілдікпен үй алмақшы болған семейлік ақшасынан айырылды
Жеңілдікпен үй алмақшы болған семейлік ақшасынан айырылды
147
оқылды

Семей қаласының тұрғыны жеңілдікпен үй аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяққа алданып қалған 31 жастағы семейлік полицияға хабарласқан. Оның айтуынша, қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде белгісіз біреу оны әңгімеге тартып, жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағада сататынын айтқан.  Жәбірленуші әйел адамға сеніп, қолындағы 500 000 теңгені бере салған.  Уақыт өте жәбірленуші алаяқтың тұзағына түскенін түсінген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ведомство өкілі.