Америкалық режиссер Назарбаев туралы жобаның трейлерін ұсынды
Америкалық режиссер Назарбаев туралы жобаның трейлерін ұсынды
201
оқылды

Америкалық режиссер, сценарист және продюсер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы жобаның трейлерін ұсынды.

"Qazaq. История Золотого человека" деректі фильмінің режиссері Игорь Лопатенок. Онда Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатынан үзінділер көрсетілген. «Сіздер Назарбаевты: диктатор, күшті адам, тиран немесе құрылтайшы деуіңіз мүмкін. Бірақ соңында Кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздігі, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуы туралы ойлайтын қарапайым адамды көресіз... Сондай-ақ Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы әңгімелейді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ. Шығысқа қарай бет алған жас жігіт (Элвис Преслидің әніне сілтеме. - ред.ескерт.)", — деп бөлісті Оливер Стоун. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=uHiFx_MiwDI&t=1s[/embed] Трейлерде Оливер Стоун Елбасымен сұхбаттасу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы ұшып келіп, оның балалық шағын, КСРО-ның күйрегенін, Семей сынақ полигонын, Қазақстанның рөлін, сондай-ақ Алтын адамның тарихы жайында сөз қозғаған.