Ұлытаудағы өрт: үш ауылда төтенше жағдай жарияланды
Ұлытаудағы өрт: үш ауылда төтенше жағдай жарияланды
179
оқылды

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады.

«Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округте дала өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ» делінген ресми хабарламада. Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Ұлытау ауданына барып, өрт сөндіру үшін жасалып жатқан жұмыстарды тексерді.

Малы қырылған немесе жайылымы өртенген шаруалардың шығынын есептеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Қарағанды облысының әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от "Вечерняя Караганда" (@vk_gazeta)

Облыстық ТЖД жедел штабының ақпаратынша, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 өрт ошағы бақылауға алынды. Өрт орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД-ның 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жүр. 17 дала өртінің 10-ы сөндірілді.

Жеке құрамды табиғи өрт ошақтарын сөндіру орындарына жедел жеткізу үшін «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ Қарағандыдан 40 адам және үш техника шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жөнелтілді.