Бүгін Хромтау ауданы Бөгетсай ауылындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті.
Құтқарушыларға хабарлама баланың ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов: «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Баланың қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Су маңайында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек», – деді.