Бурабайға барар жолда көлік кептелісі пайда болды
Бурабайға барар жолда көлік кептелісі пайда болды
140
оқылды
Бурабай курортты аймағына бет алған автокөліктер 5 шақырымға дейін тізбектелген. Жергілікті әкімдіктің баспасөз хатшысы мұндай жағдай туристік маусымда жиі қайталанатынын айтады. Туристік аймақта көлік тұрағы тапшы. Демалуға келген азаматтардың дені автокөлігін жол бойына қалдырып, ереже бұзуға мәжбүр. Мұның өзі демалыс аймағындағы жол қозғалысын қиындатып, көлік кептелісін тудырады. Жергілікті әкімдік бұл мәселені шешу үшін Бурабай кентінде 270 млн. теңгеге жаңа көлік тұрағын салуға кіріскен, деп жазады exk.kz. https://www.youtube.com/watch?v=xoki9UqQNAQ