Орман өртеніп жатыр
Орман өртеніп жатыр
146
оқылды

Петропавл қаласын түтін исі жайлады. Бұған себеп – табиғи өрттер.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, көршілес Ресейдің Қорған  облысында 16 орман өртеніп жатыр. Оның үшеуі Солтүстік Қазақстанмен шекаралас орналасқан.  Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданына қарасты Аққұдық ауылының маңында 400 гектар, Тайынша ауданындағы Талдыкөл ауылында 630 гектар аумақта дала өрті орын алды. Жел Петропавл қаласына қарай соққандықтан, облыс орталығына түтін исі жайылды.

Абырой болғанда, өрттен зардап шеккен адамдар жоқ.  Тілсіз жаумен күреске 13 техника мен 30 адам жұмылдырылды.  Жағдай тұрақты бақылауда.

Роза ШӘКЕН