«Қала әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп бергенде нөмірі бірінші приоритет адам капиталын дамыту екенін айтқан болатын. Осы бағытта денсаулық сақтау саласындағы осынау игі жұмыстардың бірі заманауи медицина орталықтары мен оңалту орталықтарының өңірімізде көптеп ашылуы болып тұр. Бұл салаға жеке инвесторлар да үлесін қосып келеді», – деп атап өтті ол.
Заманауи, талапқа сай технологиямен жабдықталған орталық енді тұрғындарға сапалы дәрігерлік қызмет көрсетпек. Орталыққа 20 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар тартылыпты.Мұнан бөлек, «Ер-Ана» медициналық орталығында Diers Formetrik 4D оңалту құрылғысы орнатылған. Бұл аппараттың ерекшелігі радиацияның болмауынан жүкті әйелдерге және балаларды диагностикалық тексеруге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы