Талдықорғанда тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды, ес-түссіз жатқан екі бала ауруханаға жеткізілді
Талдықорғанда тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды, ес-түссіз жатқан екі бала ауруханаға жеткізілді
170
оқылды

Талдықорғанда жекеменшік үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Есінен танып қалған екі бала ауруханаға жеткізілді,– деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті. 

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан Абай көшесінің бойындағы жекеменшік үйдің маңында жедел жәрдем көлігі, полиция мен құтқару қызметінің көлігі тұрғаны көрінеді. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті аталған фактіге қатысты пікір білдірді. Ведомство үйді тексеру кезінде газдан улану белгілері байқалмағанын хабарлады.

"Абай көшесіндегі жергілікті тұрғын үйде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне күндізгі сағат 11:43- те келіп түсті",– делінген хабарламада.

Үйден 2008 және 2013 жылғы кәмелет жасқа толмаған екі бала ес-түссіз жатқан жерінен табылды. Балалар ауыр халде Талдықорғандағы емдеу мекемесіне жеткізілді.Қазір ересек екі адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру кезінде газдан улану белгілері байқалған жоқ, пеш қалыпы жұмыс істеп тұр. Туыстарының айтуынша, түтін мұржасы екі күн бұрын ғана тазаланған. Оқиға орнында криминалистер мен өрт зертханасы мамандары жұмыс істеп жатыр.