Үш жылда қаржы пирамидаларына қатысты 365 іс қозғалды
Үш жылда қаржы пирамидаларына қатысты 365 іс қозғалды
Фото: ainews.kz
135
оқылды

Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжілістің депутаттық сауалына берген жауабында айтты.

«Құқық қорғау органдары қаржы пирамидасына қатысты фактілерді анықтау жəне оның жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соңғы 3 жылда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне оған басшылық ету) бойынша 365 материал тіркелді. Оған қатысты 2019 жылы – 24, 2020 жылы – 180, 2021 жылдың 5 айында – 161 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 321 іс сотқа жіберілді (2019 жылы – 61, 2020 жылы – 150, 2021 жылдың 5 айы – 110). Тіркелген істер негізінде 27 адам қылмыстық жауапқа тартылды (2019ж. – 4, 2020ж. – 13, 2021ж. – 10)», – деді ол.

Біз бұған дейін өнер адамдары жарнамалаған қаржы пирамидалары туралы жазған болатынбыз.