Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты
©nur.kz
154
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл жайында Ақорда хабарлады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", – делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Еске салсақ, кеше, 6 шілдеде Камчатка өңірінде Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана ауылына ұшып шыққан Ан-26 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен. Ал ұшақпен байланыс Палана әуежайынан 10 шақырым жерде үзілген. Кейін әуе кемесінің сынықтары табылды. Ресей ТЖМ-нің ресми ақпаратынша, ұшақ бортында 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың ешбірі аман қалмаған.