Таразда атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды
Таразда атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды
©tengrinews
171
оқылды

2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей кеше қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

ПБ патрульдік полиция батальонының аға полиция сержанты Бекжан Тіленшиев осыдан бес жыл бұрын қауіпті қылмыскерді ұстау барысында жараланған. Атыс кезінде оның мойны мен кеудесіне оқ тиген. Сол кезде денсаулығына байланысты полицей  ішкі істер органдарынан босатылған. Ол ұзақ уақыт бойы елімізде, шетелде емделген. Алайда, соған қарамастан денсаулығы түзелмей, осы жылдың 5 шілдесінде Бекжан Тіленшиев өмірден өтті. Осы ерлігі үшін полицей 2016 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.