Елорда жастары қала күніне орай Jas Otan Cases кездесуін өткізіп, қонақтарға «Штрихи к портрету. Лидер» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды.
Кездесу давос форматында Jas Otan елордалық филиалының коворкинг орталығында өтті. Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және еріктілер қозғалысы қатысты.Жасотандықтардың жетекшісі Нұржан Жетпісбаев жастардың Елбасының жастарға деген қастерлі көзқарасын құрметтейтінін және жоғары бағалайтынын атап өтті.Диалог алаңында егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихының түрлі аспектілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының тарихи маңызы талқыланды. Елбасының президенттік институтты нығайтудағы және қоғамды демократияландырудағы баға жетпес рөлі аталды. Пікірталасқа қатысушылар оның халықты шоғырландыру, бейбітшілік пен келісімді нығайту процесіне, сондай-ақ, елдің сыртқы саяси бағытын дұрыс анықтауға қосқан үлесі туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар қатысушылар фильмнің түсірілімі, идея қайдан пайда болғанын және осы жобаның болашақ перспективасы жайында сөз қозғалды.«Елбасы жастарға әрқашан сүйіспеншілікпен қарайды. Оның шетелде білім алу, өз ісін ашу, спорт, мәдениет, ғылым саласындағы жастарды жан-жақты қолдау сияқты жас қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған реформалары қазірдің өзінде үлкен жемісін беруде. Бүгін мемлекеттік мереке қарсаңында біз мемлекетіміздің қалыптасуындағы, елорда – жастар үшін болашақтың қаласын салудағы Елбасының рөлі мен үлесін талқылаймыз», - деді Нұржан Жетпісбаев.