Облыстық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталықта дүниеге келді.
Сәбилердің есімі – Хасан, Хусан мен Мухаммад.Үш ұлды 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанды. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы – 40 см., 1700 грамм, бойы – 39 см., 1970 грамм, бойы – 42 см.) болған үш ұлға 13 күн бойы күтім жасады. Мерзімінен ерте туған үшем дәрігерлердің бақылауында.
Үшем дүниеге келген отбасының 4 қызы мен 2 ұлы бар. Енді 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды.