Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды.
Қайғылы жағдай жекеменшік демалыс орындардың бірінде болған.Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.«7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы “Тау Жетісу”демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті. Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды»,- делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.