Павлодар облысында 2 жасар сәби трактордан құлап, көз жұмды
Павлодар облысында 2 жасар сәби трактордан құлап, көз жұмды
©https://newtimes.kz/
145
оқылды

Қайғылы жағдай 7 шілде күні сағат 15.30-да Баянауыл ауданы Қаражар ауылында болған.

Полицияның мәліметінше, 2019 жылғы сәби үйдің ауласында тұрған (МТЗ-82) трактордан құлап түскен. Сәби бірден жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда жарақаттың салдарынан есін жимастан қайтыс болды.

Қазір тәртіп сақшылары сараптама тағайындап, тергеу жұмыстарын бастады.