Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды. Іздестіру операциясы аяқталды.
Каспийдегі қайғылы оқиға: жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды
Фото: gov.kz
235
оқылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметші– сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының мәйіттері табылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы Күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.