Қазақстанда 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы 216 мың теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,4%-ға артық. Қай саланың қызметкері көп жалақы алады? Ұлттық статистика бюросының мәліметін ұсынамыз.
Ең жоғары жалақы алатын салалардың алғашқы үштігіне тау-кен өнеркәсібі, қаржы және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс саласы кірді.Қазақстандағы салалар бойынша орташа жалақы мөлшері (2021 ж, 1 тоқсан)
| Салалар | Орташа жалақы, мың, тг. |
| Тау-кен өнеркәсібіндегі | 488,2 |
| Қаржы және сақтандыру | 404,1 |
| Ақпарат және байланыс | 321,4 |
| Көлік және қойма | 249,8 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 221,6 |
| Құрылыс | 211,1 |
| Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет | 197,9 |
| Білім | 192,3 |
| Сауда | 191 |
| Мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамтамасыз ету | 179,3 |
| Ауыл шаруашылығы | 108,2 |