Парламент Мәжілісінің депутаттары Жол картасы аясында Нұр-Сұлтандағы бірқатар нысандарды аралады

Парламент Мәжілісінің депутаттары Жол картасы аясында Нұр-Сұлтандағы бірқатар нысандарды аралады

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Жол картасы аясында  Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Депутаттар барған бірінші нысан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры негізінде құрылған "Қамқорлық" оңалту орталығы болды. Орталықта депутаттар емделіп жатқан балалардың ата-аналарымен және балаларымен кездесті. Сондай-ақ депутаттарға балаларды оңалту үшін қолданылатын барлық заманауи медициналық жабдықтар көрсетілді. Орталықты аралау барысында балаларды оңалту үшін  қаражаттың бөлінуін ұлғайту қажеттігі ұсынылды.⠀
Одан кейін депутаттар 1200 орынды салынып жатқан заманауи мектепке барып, мердігерлермен кездесіп, құрылыстың барысымен танысып, аяқталу мерзімі жайлы талқылады. Депутаттар басқарма бастығы мен құрылыс бастығының баяндамаларын тыңдады. Нәтижесінде, олар мектепке инженерлік желілерді жүргізуді жеделдету қажеттілігін ұсынды.
Артынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Көктал-2" тұрғын алабындағы денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Депутаттар тренажерларды, спорт залдарын және ғимараттың инфрақұрылымын тексерді. Құрылыс аяқталу сатысында. Депутаттар құрылыс сапасы бойынша кемшіліктерді атап, мердігерге аталған ескертулерді жоюын талап етті.