Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Квазимемлекеттік сектор компанияларының вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін апта сайын өз есебінен ПТР-тест тапсыруға мәжбүрлеп жатыр. Неге вакцина мемлекет есебінен тегін егіледі, ал ПТР-тестті тұрғындар өз қалтасынан төлеуі керек. ПТР тестілеуді тегін жүргізу жоспарда бар ма?» – деген журналист сұрағына ол азаматтарда таңдау құқы бар екенін айтты.Сонымен қатар ол ПТР тест 12 санат үшін тегін екеніне тоқталды.«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында азаматтарға ақысыз негізде қызмет көрсетіледі. Ал Конституция бойынша коронавирусқа қарсы вакциналау тегін қызметке кіреді», – деді ол.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысына сәйкес, 15 шілдеге дейін қызмет көрсету, білім беру, мәдениет, сауда және тағы бірқатар саланың қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті.«Олар клиникалық белгілері бар науқастар, вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болғандар, жүкті әйелдер және т.б. Бұдан бөлек, адамдарға тегін ПТР тестілеу қарастырылмаған. Азаматтарға таңдау жасау құқы бар: вакцинация немесе ПТР тест. Вакцина тегін салынады. ПТР тест мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды», – деді Айжан Есмағамбетова.
Егер вакцина салдырудан бас тартса, апта сайын ПТР тест тапсыруы тиіс.