Телефон тауып алып, мобильді қосымша арқылы есепшоттан ақша алған екі жігіт ұсталды
Телефон тауып алып, мобильді қосымша арқылы есепшоттан ақша алған екі жігіт ұсталды
Фото: bessarabiainform.com
156
оқылды

Биыл 3 шілде күні 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны полицияға шағымданды.

Ол кәмелетке толмаған қызы бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтты. Телефонды біреу тауып алып, банктің  мобильді қосымшасы арқылы жәбірленушінің есепшотынан 20 мың теңге алғаны анықталды.

Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер күдікті – 17 және 18 жастағы екі жігітті ұстады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.