Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды

Синоптиктердің сөзінше, 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелген.

Осы жаздың бірінші айы метеорологтарды қарама-қайшылықтарымен таңғалдырған. Олардың айтуынша, айдың көп бөлігінде елдің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінен қатты ыстық болды.

"Кей күндері термометр бағаналары гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) +40...+46 градус өлшемдеріне жетті. Осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9 градусқа жетті. 2015 жылдың ең жоғары мәні +39,8 градус болған. 

Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4 тіркелді, бұл 2018 жылдың абсолют максимумынан - +43,3-тен асып түсті, Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8 градус болды, 2015 жылы рекорд +39,8 болған. Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 тіркелді, бұл 1991 жылы +41,2 болған", - деп хабарлады синоптиктер.