Ақша ұрлау деген мүлдем болған жоқ – Біртановтың адвокаты
Ақша ұрлау деген мүлдем болған жоқ – Біртановтың адвокаты
©caravan.kz

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұл істе ақша ұрлау деген мүлдем болмағанын айтты.

"Тергеу аяқталды. Аяқталуға бес күн қалғанда, айыптау түрі "ақша жымқырудан" "қызмет өкілеттігін теріс пайдалануға" ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейін, тергеу 2020 жылдың мамырында басталған, яғни 14 ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына ақша жымқыру айыбы тағылған. Алайда ақырында бұл олай болмай шықты, оны агенттіктің өзі мойындады ( ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. - ред.)

Ал біз, яки Біртановтың өзі де қылмыс болған жоқ деп үнемі айтып жүрдік. Оның ішінде ұрлық та. Діттеп келгенде, агенттік біздің басымызды "ақша ұрлады" деп өтірік қатырған болып шықты. Сол үшін менің қорғауымдағы адамды ұстап, тергеу изоляторына қамап, сегіз ай бойы үйқамақта ұстады. Ақырында осыларының бәрінен түк шықпады, - деді Дмитрий Куряченко.

Оның айтуынша, "ол жерде қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану деген де болмаған".

"Қорғауымдағы Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамайды. Тергеу көптеген заң бұзушылықтармен және біржақты жүргізілді. Мұның бәрі сотта дәлелденетін болады, - деді ол.