Өзгенің өмірі мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін бәске тігіп, оқ пен отқа жалаң төсін тосу – сөзсіз көзсіз қаһармандық. Міне, сондай бейбіт күннің батырларының бірі – Бекжан Тіленшиев бүгінде ортамызда жоқ. Небәрі 32 жасында қыршыннан қиылған боздақ бес жыл бойы ауыр жарақатымен алысып, соңы сұм ажалдың тырнағына ілікті. Келместің кемесімен кетті. Амал нешік? Жазмыштан озмыш жоқ.
Тараз қалалық ІІБ жол-патрульдеу полициясы батальонының полицейі, сержант Бекжан Тіленшиев 1989 жылы 22 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылында дүниеге келген. 2010 жылы «Алматы мемлекеттік бизнес колледжін» аяқтаған соң Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған. Ал 2013 жылдан бастап құқық қорғау органдарында қызмет ете бастаған. 2016 жылы 19 маусым күні ол аса қауіпті қандықол қарақшыны тоқтату кезінде мойны мен кеудесіне оқ тиіп, ауыр жарақаттанады. Батыр ұлымыздың өзі сол оқиғаны көзі тірісінде былай баян еткен еді.2016 жылы 19 маусым күні соңғы кезекшілігім болатын. Жұмыс күнін аяқтап, демалысқа кетуім керек еді. Одан кейін болашақ жарым Арайлыммен үйленуге дайындаламыз деп жоспарлағанбыз. №6 ықшамауданындағы үйлердің арасынан қарудың даусын естідім. Қарасам, үш азамат бір адамды атып, қашып бара жатыр екен. Қызметке орналасқанда біз ант береміз. Антымды орындау, қылмыскерлерді тоқтату үшін учаскелік полицияға хабар беріп, артынан қуып кеттім. Олар үйлердің арасымен қашып, бір үйге кірді. Артынша қуып, подъезге кіріп бардым. Олар алдымнан қарумен шықты. Менің де қолымда қару болды. Алдымен сөзге келтірдім, қаруын тастап, қателік жасамауға шақырдым. Сол мезетте подъезге мектеп жасындағы бала кіріп келді. Пәтері осы үйде екен. Балаға, үй тұрғындарына зияны тимесе екен деп ойладым.«Бала кезімде әскерде қызмет етуді армандадым. 2007 жылы мектеп бітіріп, Алматыға оқуға түстім. Оқу бітірген соң 2013 жылы әскерге бардым. Одан кейін Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясына қызметке орналастым.
Бекжан - отбасында екі қыздан кейінгі ұл. Бала кезінен спортқа жақын, мінезі салмақты, сөзі тура, жаман әдеттен аулақ болып өскен. Болашақ жарын шаңырағына түсіремін деп отырғанда осындай жағдайға тап болып отыр.Сөйтіп тұрғанда, қылмыскер мені атты. Оны аттым. Оның аяғы жарақаттанды. Мойын омыртқама оқ тиді. Ешқандай да ауырғанды сезбедім, түсінбей де қалдым. Мұндай жағдайға тап боламын деп ойламадым”, - деген еді Бекжан Тіленшиев.
2016 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Бекжан Тіленшиев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Алайда 2017 жылдың сәуір айында ол денсаулығына байланысты ішкі істер органдарынан шығарылды. Бекжан Тіленшиев ұзақ уақыт бойы елімізде және шетелде емделген. Алайда оған қарамастан оның денсаулығы жақсармай, түбі ажал құшып отыр. Бес жылдың бедерінде Бекжанға барлық құқық қорғау құрылымдары тарапынан жан-жақты көмек көрсетілген.Бекжан жараланған сәтте шақырту бойынша оқиға орнына учаскелік полицей Данияр Зауырбек те жеткен. Кіреберісте екі қабат арасындағы сатыда ол белгісіз біреу әріптесіне қарсы оқ атқанын байқаған. Осы сәтте Зауырбек қорғана жүріп, қылмыскерді дәл көздеп, оққа ұшырады. Артынша ұялы телефонынан «102» нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақыртады. Осылайша, қос тәртіп сақшысының ширақ әрі батыл әрекетінің арқасында қылмыскер ұсталып, залалсыздандырылады.
Ал Ішкі істер министрлігінің ықпалымен Бекжан Тіленшиев мемлекеттік квота негізінде Греция мемлекетінде денсаулығын емдетіп келді. 2017 жылдың қазан айында облыстық Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан Бекжанның Ресей мемлекетінде ем қабылдауы үшін электрлі мүгедек арбасы сатып алынып берілді. Осы жылы заң талаптарына сәйкес Бекжанға мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалды. 2019 жылдың 7-17 маусым аралығында облыстық Полиция департаменті басшылығының сұранысы бойынша Бекжан Ішкі істер министрлігінің әскери ауруханасына жатқызылып, мұнда да денсаулығын сауықтырды. 2019 жылдың 24 маусымындағы Тараз қаласы әкімінің №2 156 қаулысымен Б.Тіленшиевке «Арай-2» ықшамауданынан 2 бөлмелі пәтер берілді.« 2016 жылдың шілде айынан тамыз айының аяғына дейін Бекжан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем қабылдады. Одан кейін Ішкі істер министрлігіне қарасты орталық ауруханаға жатқызылды. Осы аралықтағы шығынның барлығына облыстық Полиция департаменті тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.
Міне, тәртіп сақшылары Бекжанның сауығып кетуі үшін барын аямаған екен. Мұны марқұмның заңды өкілі де растап отыр. «Бекжанның заңды өкілі болдым. Оқиға болған сәттен бері қасында болдым. Бекжанға қарап отырмай, қолдан келгенше көмек беру үшін жиналыста осы мәселені көтердік. Жамбыл облысының 2 600 ардагері қолдау көрсетті. Министрлік, департамент тарапынан көптеген қолдау жасалды. Одан басқа, Тараз қалалық жол-патрульдік полициясы ардагерлер кеңесінің және өзінің әріптестерінің тарапынан қаражат аударылып, көмек беріліп жатты. Бірақ бұл шаралар батыр ұлымызды құтқара алмады. Бекжанның өмірге деген құштарлығы, аяққа тұрып кету арманы, Арайлыммен отбасын құруға деген ниеті орындалмады», – дейді Тараз қалалық жол-патрульдік полициясы ардагерлер кеңесінің мүшесі Аралбек Таңатарұлы.2021 жылдың 9-16 маусымы аралығында облыстық Полиция департаменті басшылығының сұранысы бойынша Тіленшиев Алматы қаласындағы «ЖАС-АЙ» медициналық орталығына жолданды. Бекжанның әкесінің өтініші бойынша оның денесінен екі оқты алып тастауға да, отбасына да әріптестері барынша көмектесті. Атап айтсақ, облыстық Полиция департаментінің басшысынан бастап, барлық қызметкерлер Тіленшиевтің әкесінің есепшотына 605 700 теңге көлемінде қаржы аударды», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Иә, көзі кетсе де, ел үшін туған ердің өзі кеткен жоқ. Оның қаһармандығы ешқашан ұмытылмайды. Ел есінде, жұрт жадында мәңгілік жатталады.Күні кеше Бекжан Тіленшиевті жақындары мен әріптестері жер қойнына тапсырып, мәңгілік сапарға аттандырды. Жерлеу рәсіміне облыстық Полиция департаменті барынша көмек көрсеткен. Тәртіп сақшылары Бекжанның отбасы алдағы уақытта да құқық қорғау органдарының қамқорлығында болатынын айтады.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы