Банкке 20 миллион теңге алып келген азаматты тонаған сәті видеоға түсіп қалған
Банкке 20 миллион теңге алып келген азаматты тонаған сәті видеоға түсіп қалған
©https://www.inastana.kz/
258
оқылды

30 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына хабар түскен. Қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолданып, тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткен.

Оқиға орнына Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының және Қарағанды облысы Полиция департаменті жедел-тергеу топтары шықты.

59 жастағы тұрғын азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер екен. Сол күні ол көтерме сауда ұйымынан жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңге алып, ақшаны бас кеңсеге аудару үшін банкке барған. Ер адам қаржы мекемесіне кіреберісте тұрақтап, көліктен түспек болған сәтте екі жігіт жүгіріп келіп, автокөлік есігін ашқан. 

Осылайша, менеджердің қолындағы ақша салынған пакетті жұлып алмақ болған. Алайда ер қарсылық көрсеткен. Осы уақытта пакет жыртылып кеткен. Қарақшылар жерге түскен бума ақшаны ғана алып үлгерген. Шығын көлемі - 500 мың теңге. "Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Аталмыш уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп, үш күдіктіні ұстадық", – деді Қарағанды қаласы полиция бөлімінің өкілі Ескендір Əубəкіров.

Күдіктілер Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу "Қарақшылық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=q9oEf3-7Ag4[/embed]