Камчаткада апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Камчаткада апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды
Фото: rbc.ru
159
оқылды

Мамандар қара жәшікті оқу үшін Мәскеуге жеткізеді. Апаттан мерт болғандардың денесін іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Шілденің 6-сы күні апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 22 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында 2 бала бар. Апатқа қатысты болжам көп. Анығы, қара жәшікті мамандар тексерген соң белгілі болады.

Бұған дейін жолаушылар ұшағында болған 28 адамның барлығы қайтыс болғанын жазған болатынбыз.