Жолаушылар ұшағы теңізге құлап, 28 адам қаза тапты
Жолаушылар ұшағы теңізге құлап, 28 адам қаза тапты
Фото: tj.sputniknews.ru
137
оқылды

Ұшақ Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне жолаушы тасымалдаған. Осы жолы жерге қонуға таяғанда ұшақпен байланыс үзілген.

Ұшақ теңізге құлаған. Себебі, Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, олардың арасында 6 және 17 жастағы балалар да болған. Жергілікті билік ұшақта болған жолаушылардың тізімін жариялады.

Тізімде Палана кенті әкімшілігінің төрт қызметкері де бар. Олар – кент басшысы Ольга Мохирева, жұмылдыру бөлімінің басшысы Александр Андрейкин, қаржы басқармасының басшысы Ольга Андрейкина, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Юлия Суровцева.

Қазіргі кезде құтқарушылар ұшақ құлаған аймақты анықтады. Ол жерге кеме жіберілді. Палана кентіне құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар мінген тікұшақ аттанды. Арнайы комиссия құрылды.