Ақтөбеде күйеуі пышақтаған әйел ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде күйеуі пышақтаған әйел ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 66 жастағы отағасы 60 жастағы әйеліне пышақ сұғып алған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов: «Зейнеткерлер арасындағы жанжал кезінде зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді.