Күзде оқушылар мектепке барып оқи ма?
Күзде оқушылар мектепке барып оқи ма?
Фото: astana.gov.kz
277
оқылды

1 қыркүйектен бастап елімізде 7 475 мектеп ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов: «Алдымен білім беру мекемелерінде педагогтар мен қызметкерлер 100 пайыз вакцина алуы керек. Карантин жағдайында дәстүрлі оқу үлгісіне көшу дифференциалды түрде жүргізіледі. Ол қанша адамның оқшауланатынына, қаншалық тәртіп бұзылатынына және орналасқан аймағының қандай түске боялғанына байланысты болады», – деді.

Бас санитардың айтуынша, мектептердегі сақтық шараларына баса мән беріледі. Бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынып, сыныптар бөлінеді және әр сыныпқа үзіліс уақыты да әртүрлі болады. Асханада тамақтануда  бақылау күшейтіледі. Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер вакцина алуы керек. Болмаса қашықтан оқытуға ауыстырылады. Білім беру ұйымдарының басшылары да өз ұсынысын айтты.

Мәселен, олар оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынады. Коронавирус анықталған жағдайда карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блокты жабу керек дейді.