Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Фото: sports.kz
187
оқылды
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесуі 11 шілде, жексенбі күні таңертең UFC 264 турнирінде өтеді. Турнирде Дастин Пурье мен Конор МакГрегор кездеседі. Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4.30-да, алдын ала кард - 06.00-де, басты кард - 8.00-де басталады. Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен 4.50-де басталуы мүмкін.
"Мен бұл жолы ерекше дайындалдым. Әрқашан талмай жаттығу жасап, күш саламын. Бұл жолы салмақ тастаудағы, күрес, төзімділік бойынша және барлық басқа қатемді түзедім. Жеңу үшін қажеттінің бәрін жасаймын! Қазақстан, алға!" - деді Жалғас Дмитрий Смоляковтың YouTube-арнасында.
https://twitter.com/zhumagulovnews/status/1413508445492314119?s=20 UFC 264 көрсетілімін UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады.