Тоқаев: Ел экономикасы алғашқы жартыжылдықта 2,2% өсті
Тоқаев: Ел экономикасы алғашқы жартыжылдықта 2,2% өсті
Сурет: geralt
181
оқылды
Мемлекет басшысы екінші жартыжылдықта экономиканың өсу қарқынын арттыру және халықтың әл-ахуалын көтеру қажеттігін атап өтті.
«Індетке қарамастан ел экономикасы алғашқы жартыжылдықта 2,2% өсті. Бұл — жаман емес. Өйткені былтыр індеттің кесірінен ЖІӨ 2,6% төмендеп кеткен еді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұған әлемдік экономиканың жанданып келе жатқандығы мен республиканың дағдарысқа қарсы жасалған шаралары оң әсер еткен. Еске салсақ, Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген кеңесі ашылғаны туралы хабарлаған едік. Жиында ел экономикасын індет жағдайында дамыту мәселелері қаралады.                                                            Дәулет АСАУ.