Жетісудағы жаңа жем зауыты
Жетісудағы  жаңа жем зауыты
184
оқылды

Биыл ауыл шаруашылығы арқасында нәпақа тауып отырғандарға, оның ішінде мал өсірушілерге өте қиын болып тұр. Қыста қардың аз болуы, көктем мен жазда жауын-шашынның сиреуі елдің бірқатар өңірін құрғақшылық жайлап, мал шығынына ұшыратты. Сонымен бірге астық пен мал азығының шығымдылығына да кері әсерін тигізіп, шаруалар алдағы күз бен қысты алаңдай күтіп отыр.

Осы орайда күні кеше Алма­ты об­лысында етті және сүтті бағыт­тағы ірі қараға, құс пен балыққа арналған 10 түрлі жем дайын­дай­тын зауыт пайдалануға берілгені үміт отын жағатындай. Талғар ауданында орналасқан, төрт түлігі майлы, егістігі сайлы «Байсерке-Агро» ЖШС соңғы жылдары ауыл шаруа­шылығын­дағы тың жаңа­лық­тарымен ерекшеленіп келеді. Соған сай өндіріс ауқымы да қана­тын кең­ге жайып, табысы да тасқындап отыр. Енді, міне осы серіктестік отандық мал азығын дайын­дайтын зауыт ашты. Нысанның іске қосылу салта­наты­на облыс әкімі Амандық Ба­та­лов, «Бай­серке-Агро» агрохол­дингінің пр­е­зиденті Темірхан Досмұхам­бетов және осы өңірге жұмыс сапарымен келген бір топ сена­тор, ғалымдар мен аграрлық сала мамандары қатысты. Технологияны сақтау, ғалым­дар­мен бірлесіп жұмыс істеу өте ма­ңыз­ды. Сонда біз мал санын өсіріп қана қоймай, су және басқа да табиғи байлықтардың жетіспеу­шілігін сезінбестен мол өнім алатын боламыз. Ол үшін бізге ең алды­мен ғылыми көз­қарас, жоға­ры білікті мамандар, ауыл шаруа­шылығы дақыл­дарының заманауи сапалы сорт­тары, өнімділігі жоғары мал тұ­­қымы қажет. Біздің бола­ша­ғымыз – аграрлық салада, сон­дықтан осы саланы дамыту – а­са жауапты да қажетті шара, – деді сенатор Ақылбек Кү­ріш­баев жетісулықтарды маңыз­ды кә­сіп­­орынның ашылуымен құт­тық­таған сөзінде.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы