Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп барады
Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп барады
Сурет: neonomad.kz
163
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы жылдан-жылға артып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке оны реттеудің жаңа тұжырымдамасын жасауды тапсырды.

«Елдің ішкі және сыртқы қарыздарын басқару сапасын көтеру қажет. Бұл — мемлекеттің қазіргі және болашақтағы бюджетінің тұрақтылығының кепілі. Алдағы 25 жылда мемлекет жоспарлаған міндеттерді орындау үшін алты есе көп қаржы жұмсалады деп болжап отырмыз», — деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, 2025 жылы сыртқы қарыздың ара-салмағындағы үкімет қарызының үлесі 21 пайыздан 49 пайызға дейін артпақ. Сонымен қатар, Ұлттық қор қазіргі кезде қаржыны жинақтау режимінен оны тұтыну режиміне көшкен. Былтыр Ұлттық қордың республикалық бюджет кірісіне қатысты трансферті 40 пайызға өскен. 2021 жылы ол 36 пайыз көлемінде болмақ. Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында ақшаны жылыстатуға арналған күмәнді схемалар бар екенін айтты.

Дәулет АСАУ.