Сенат депутаттары білім саласындағы өзекті проблеманы шешудің тәсілдерін айтты
Сенат депутаттары білім саласындағы өзекті проблеманы шешудің тәсілдерін айтты

Сапар барысында депутаттар оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап көрді. Оқу орнының басшысымен құқықтық білім беру сапасын арттыру және мәселені шешу жолдарын арнайы талқылады.

Сенатор Нұртөре Жүсіптің айтуынша, халықтың әл-ауқатын жақсарту, білім беру мен ғылым саласын дамыту үшін қабылданған заң жобалары пандемия кезінде туындаған проблемалардың шешімін табу үшін өте маңызды. Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов жоғары оқу орындарында құқықтық білім берудің сапасын арттыру, осы саладағы мамандардың үздіксіз біліктілігін арттыру керегін айтты.   Сенат Пандемия кезінде қоғамдағы өзекті проблемаларды шешу кезек күттірмейтінін көрсетті. Осындай сәтте күн тәртібінде тұрған мәселелер оңтайлы шешімін табу үшін басшылар, педагогтар, ата-аналар барлығы да шет қалмауы тиіс. Қазіргі уақытта білім сапасын жақсарту үшін жан-жақты талдау жасап, дамытудың жүйелі жоспарын түзген жөн. Ол үшін халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, нәтижесі жемісті болатын жобаларды қолданысқа енгізген тиімді. Сонымен бірге, депутаттар қашықтан оқыту жүйесін де талқыға салды.

«Пандемия кезінде елдің денсаулығын сақтап қалу үшін қашықтан оқытуға мәжбүр болдық. Оқытушылар үшін қашықтан оқыту бұрын-соңды жаңалық болмаса да, мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жаңаша оқыту форматын жан-жақты үйренді, дамытты. Тәжірибелі мамандардан қашықтан оқытудың әдіс-тәсілін үйренді. Кейбірі қайта оқып, онлайн курстарда тиімді әдіспен білім беруге бейімделді. Бірінің білмегенін бірі үйретіп, тың тәжірибелерімен бөліскендер де жетерлік. Мұның барлығы қоғамның қиындықты бірлесіп, жеңе алатынын көрсетіп отыр», – Нұртөре Жүсіп.

Депутаттар өңірлерге сапары барысында халықпен жүздесіп, аймақтардағы проблеманы заң аясында шешуге көмектеседі.