Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлады
Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлады
Сурет: Telegram/Kozachkov offside
137
оқылды

Елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде жолаушылары бар лифт үзіліп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полицейлердің мәліметінше, 9 шілдеде Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлау дерегі бойынша шақыру түскен.
"Күндізгі уақытта 31 жастағы ер адам 16 жастағы қарындасымен бірге лифтімен көтеріліп бара жатқанда, лифт құлап, қабаттар арасында лезде тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Тексеру жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады. Tengrinews.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта лифт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.