Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
183
оқылды

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім қыз төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға 7 шілдеде таңғы сағат 09:00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны Азалия Мингатаеваның жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ол 2004 жылдың 4 мамырында дүниеге келген.
«Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы​ жасөспірім 6 шілдеде күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Ерекше белгілері: бойы — 160-165 см., арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кроссовка. Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері:​ 8 (7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы», — деп жазылған облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, Қызылордада 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.